Қаңтарда тұрғын үйді сатып алу-сату өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға артты - Статистика

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қаңтарда тұрғын үйді сатып алу-сату өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға артты.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың қаңтарында тұрғын үйді сатып алу-сату саны 9207-ні құрады және өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 13,4 пайызға артты», - деді ол.

Агенттік басшысының атап өтуінше, қаңтар айында еліміздің барлық өңірлерінде аталған нарықта жандану байқалған. Дегенмен Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған нарықтағы келісімдер санының біршама төмендеуі тіркелген.

«Ал Астанада тұрғын үйді сатып алу-сату келісімдері саны 10,6 пайызға өсті», - деді агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар