Қаңтарда жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайызды құрады
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың қаңтар айында инфляция деңгейі 1,4 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, инфляцияның осындай көрсеткіші коммуналдық қызметтердің қымбаттауына байланысты болып отыр.
Сонымен бірге Агенттік басшысы 2010 жылдың қаңтарында жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайызға жеткенін айтып өтті. Яғни, жұмыссыздардың саны 542,9 мың адамды құрады.