Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан шетелдіктер де ұсталды - Бас прокуратура

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтардағы тәртіпсіздікке 35 жасқа дейінгі адамдар көп қатысқан. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы прокурорлар 720 қылмыстық істі тергеді. Бұл істер бойынша тыйым салынған экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 42 мүшесі қамауға алынды. Одан бөлек, күдіктілердің арасында деструктивті діни ағымдардың 8 жақтаушысы бар», - деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Бас прокурордың айтуынша, 126 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағандары үшін бұрын сотталған. Негізінен жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың көбі – 35 жасқа дейінгі адамдар.

«Бұдан бөлек, шетелдік азаматтар жаппай тәртіпсіздікке қатысуға және басқа қылмыстар бойынша күдікті болып танылды. Оның ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары бар», - деді Берік Асылов.


Соңғы жаңалықтар