Қаңтардан балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі артты

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылға арналған республикалық бюджетте балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеуге 875 млрд теңге қарастырылған.

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы: еліміздің қай өңірінен көп өтініш түскені белгілі болды
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

Балалары бар 2 млн-ға жуық қазақстандық отбасы республикалық бюджеттен жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдермен қамтылады. 2025 жылдан бастап балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5 пайызға индекстеледі. Жалпы, 2025 жылға арналған республикалық бюджетте балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеуге 875 млрд теңге қарастырылған.

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік қолдау арқылы жалғасады. Өткен жылдың 1 қарашасында атаулы әлеуметтік көмекті 76 мың отбасы немесе 403 мың адам алды.

Бұған дейін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күшіне енгенін жазған едік.