Қаңтардың 1-інен бастап барлық мемлекеттік сатып алулар веб-портал арқылы электрондық форматта ғана жүргізіле бастады

АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қаңтардың 1-інен бастап барлық мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алулар веб-порталы арқылы тек электрондық форматта жүргізіле бастады.
None
None

Аталмыш мемлекеттік ақпараттық жүйенің ресми сайты осындай ақпарат таратып отыр.

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық мемлекеттік сатып алулар 2010 жылы қаңтардың 1-інен бастап баға ұсынымдарына сауал жолдау тәсілімен веб-портал арқылы тек электрондық форматта жүзеге асырылатын болады», делінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін барлық әлеуетті жеткізушілер www.goszakup.gov.kz веб-порталында тіркелулері қажет.

Айта кету керек, 2009 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталы Біріктірілген салық ақпараттық жүйесімен (БСАЖ) ықпалдасып жұмыс істей бастады. Осыған байланысты қатысушылардың және пайдаланушыларды тіркеу рәсімі өзгертілді. СТН, ЖСН, БСН, ТАӘ, Ұйымның аттарының, байланыс деректерінің, пайдаланушылардың және қатысушылардың атрибуттарының дұрыстығын тексеру қызметі қосылды.

Толығырақ ақпаратты www.goszakup.gov.kz және www.pki.gov.kz сайттарынан ала аласыздар.

Соңғы жаңалықтар