Қаңтардың 1-нен бастап 3-экологиялық кезеңге сәйкес зиянды заттар шығарындылары бойынша автокөлік құралдарына қойылатын талаптар енгізіледі
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес,
республика аумағында 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 3-экологиялық кезеңге (Еуро-3) сәйкес зиянды заттар шығарындылары бойынша автокөлік құралдарына қойылатын талаптар енгізіледі. Осы күннен бастап қойылған талаптарға сәйкес келмейтін автокөлік құралдарын әкелуге және өндіруге тыйым салынатын болады, деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында қазірдің өзінде пайдаланылып жүрген автомобильдер 3-экологиялық кезеңнің талаптарына кірмейді, сондықтан толық істен шыққанға дейін пайдаланылатын болады.
Қазақстан Республикасы аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламенттерге (2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372) және автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға (2008 жылғы 9 шілдедегі №675) сәйкес жүзеге асырылады.
Автомобильдердің мыналарға сәйкестігін растау:
1) бұрын пайдалануда болғандар, 3-экологиялық кезеңнің талаптарына төменде көрсетілген кестені, жылдар және шығарған елі бойынша ескере отырып жүзеге асырылады.
2) төменде көрсетілген кестеде жоқ болғандар туралы ақпарат, сынақ нәтижелері негізінде.
Автокөлік құралдарының және қозғалтқыштарының, олардың шығарылған жылдарына байланысты, 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестік кестесі
|
Автомобиль және/немесе оған арналған қозғалтқышты шығарған ел |
3-экологиялық кезенінің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары |
|
Еуропалық одаққа * кіретін, жанармай қозғалтқыштары |
2001 жылдан бастап және одан кейін |
|
Еуропалық одаққа кіретін *, дизельдер |
2002 жылдан бастап және одан кейін |
|
АҚШ |
2001 жылдан бастап және одан кейін |
|
Жапон |
2005 жылдан бастап және одан кейін |
|
Канада |
2004 жылдан бастап және одан кейін |
|
Үндістан |
2010 жылдан бастап және одан кейін |
|
Қытай |
2008 жылдан бастап және одан кейін |
|
Корея |
2003 жылдан бастап және одан кейін |
Ескертпе:
Еуропалық одаққа мыналар кіреді: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония.