Қаңтардың 20-сы - Қазақстан халқының Елбасыны алғаш ұлықтаған күні

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгінгі күн есте қаларлық атаулы күндердің бірі. Бұлай дейтініміз, осыдан тұп-тура он жыл бұрын, 1999 жылғы қаңтардың 20-сындаі біз қазақ халқының тарихында алғаш рет Мемлекет басшысын ұлықтап, алғаш рет осы рәсімнің қатысушысы, куәсі болдық.
None
None
Бірақ бұл күннің мәні мен маңызы мемлекет басшысын ұлықтаудың халықаралық тәжірибедегі рәсімін алғаш қолданғанымызда жатқан жоқ. Бұл күн Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуына ерекше еңбегі сіңген Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент сайлауында 79,78 пайыз дауыспен жеңіске жетіп, ел басқару ісін қайта қолына алуымен ерекшеленеді. Бұл күн сөз жоқ Қазақстан халқының демократия жолындағы жарқын болашаққа жасаған жаңа әрі маңызды қадамы деуге тұрарлық. Өйткені бұл күні халқымыз тек өзінің Президентін ғана емес, мемлекеттің өмірлік даму жолын да таңдады. Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген жетістіктері мен осыған дейінгі елде жүргізілген реформалар соны меңзейді. Қазақстан тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет атанғаннан кейінгі жылдар көптеген қиындықтарға толы болды. Соған қарамастан, осы 10-15 жылдың ішінде діттеген мақсатымызға жетіп, мемлекетіміз берекесі мен бірлігі жарасқан елге айналды. Қазақстан тәуелсіздік жылдарындағы аз ғана уақыттың ішінде адамзат дамуына зор ықпалын тигізетін игі бастамалардың негізін қалағандығын ешкім де жоққа шығара қоймас. Ал оның Еуропадағы қауіпсіздік пен ықтымақтастық ұйымына төрағалық ету ниеті және оған әлемнің көптеген мемлекеттерінің қолдау білдіруі республикамыздың әлем елдері арасындағы беделінің көрінісі болса керек. Оның үстіне демократиялық құндылықтарды басты мақсат етіп отырған халықаралық ұйымға басшылық ету еліміздегі демократияның қаншалықты өркендеп отырғандығын көрсетеді. Басқаша айтсақ, кеше ғана ешкімге беймәлім жас мемлекет бүгінде Орталық Азиядағы ықпалды елдердің біріне айналып отыр. Бұл игі істердің барлығы да Елбасының сенімді басшылығы мен болашақты болжай білетін көреген саясаткерлігінің арқасы десек, артық айтқандық емес. Сондықтан да болар, тәуелсіздік жылдарында Президенттің атқарған істері мен оның ел басқару ісіндегі ерекше қасиеттері туралы тамсана сөйлегендер аз болған жоқ. Солардың бірі депутат Анатолий Башмаков былай дейді: «Мен Мемлекет басшысының қасиеттеріне жеке тұлға ретінде де, саяси көшбасшы ретінде де таң қаламын. Ол тәуелсіздік жылдарында өзінің ерекше дарын иесі екендігін көрсетті. Ол жай ғана инттеллект иесі ғана емес, айналада болып жатқан оқиғалардың өзгелерге беймәлім жақтарын көре алатын, адамның жан-дүниесіне үңіле білетін, бізді қоршаған дүниенің барлығының мән-мағынасын ұғынатын ерекше ақыл-ой иесі. Осы қасиеттері үшін мен Елбасын үлкен саясаттың гроссмейстері дер едім. Өйткені ол қашанда бір қадамға болсын алда жүреді. Ұлықтау рәсімінен кейінгі он жыл ішінде біз Президентіміздің ең беделді, ең көреген саясаткерлердің қатарына қоятын болдық. Осы тұрғыдан алғанда оны халықаралық деңгейдегі саясаттың гроссмейстері деуге болады. Өйткені оның болжамдарының көпшілігі өмір шындығымен жанасып, бастамалары ылғи да өзгелер тарапынан қолдау тауып жатады». Жалпы, Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуындағы алғашқы жылдары елде атқарылып жатқан істерді сынап, Мемлекет басшысының саясаты мен мемлекет болып қалыптасатындығымызға күмәнмен қараушылар аз болған жоқ. Бұған қатысты сыни көзқарастар тіпті осы күнге дейін де жалғасып келгені рас. Алайда «қолда бар алтынның, қашанда қадірі жоқ». Күнаһар адамның тек басына күн туған уақытта ғана құдайы есіне түсіп, оған жалбарына бастайтыны сияқты, біз де әлемдік қаржы дағдарысы сияқты тажалдың әрбір азаматтың жеке өміріне әсер ете бастаған уақытында ғана бүгінгі жетістігіміздің мән-мағынасын түсіне бастағандаймыз. Алайда дағдарыс келді екен деп, сары уайымға салынып отырған қазақ жоқ. Өйткені оның Нұрсұлтан Назарбаев сынды мықты лидері бар. Көреген басшының арқасында халқымыз тәуелсіздік жылдарында бүгінгідей талай дағдарысты еңсерді. Ең бастысы, соның бәріне аман өтті. Елбасы атап көрсеткендей, бұл қиындықтардың да жақын күндерде артта қалатындығына, бұл жағдайдан кейін де халқымыздың әл-ауқаты артып, экономикамыз өрістейтініне, мемлекетіміздің кемелдене түсетініне ел сенеді. Өйткені күн ілгері қимылдап, алдына ала жасалған қам-қарекеттің арқасында экономикамыз аяғынан нық тұр, жоспарланған әлеуметтік жобалар еш кедергісіз сәтімен жүзеге асып жатыр.
Соңғы жаңалықтар