Қаңтардың 28-і күні 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша азаматтардан құжаттарды қабылдау басталады ? С.Хорошун

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Алдағы қаңтардың 28-і күні Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алғысы келетін азаматтардан құжаттарды жинау басталады.
None
None
Бұл туралы бүгін «Жастар» сарайында 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысты өткен кеңесте Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап көрсеткеніндей, Астанада Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2008-2010 жылдары 12 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілетін болады. Оның бірінші кезеңі ? 2009 жылы 5612 пәтер салынады. Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының бастығы Ерікболат Қабылдиннің айтуынша, биыл Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар құжаттарды өз жұмыс орындарының кадр бөліміне тапсырады. Ал кадр қызметкерлері құжаттарды Тұрғын үй басқармасына тапсыру уақытын алдын-ала белгілейтін болады. «Құжаттарды қабылдау «Жастар» сарайында жүргізіледі. Үміткерлерді іріктеу енгізілген жаңа Ережеге сәйкес балдық жүйені қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, құжаттарды тапсыру мерзімі маңызды болып есептелмейді. Тұрғын үй қорынан баспана алуға басым құқықтарға - 29 жасқа толмаған отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтіндер және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері ие», - деді ол.Бір шаршы метрдің құны 56 515 теңге көлемінде белгіленіп отыр. Бір бөлмелі үйден үміткерлердің (жалпы көлемі 40 шаршы метрден аспайтын) айлық еңбекақысы 37 678 теңгеден, екі бөлмелі пәтер алғысы келетіндердің жалақысы (60 шаршы метрден аспайды) 56 515 теңгеден, үш бөлмелі үйде тұрамын деушілердің (80 шаршы метрден аспайды) айлығы 75 354 теңгеден кем болмауы қажет.Ипотекалық несиелендіру «Қазақстан Құрылысжинақбанкі» АҚ арқылы жылына 4 пайыз мөлшерлемемен, алғашқы жарнасыз жүзеге асырылады. Толық ақпаратты қала әкімінің ресми сайтынан (www.astana.kz) алуға болады.
Соңғы жаңалықтар