Қаңтарулы тұлпарлар, қайдасыңдар - Алматыдағы айтыс

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - 2 маусым күні Алматыдағы Республика сарайында осындай атпен өзгеше бір жыр додасы өтеді.

Қаңтарулы тұлпарлар, қайдасыңдар - Алматыдағы айтыс

Айтысқа Қазақстанның ха­лық ақындары Әсия Беркенова, Әселхан Қа­лы­бекова, Қонысбай Әбілов, сондай-ақ, Шорабек Айдаров, Қуаныш Мақсұтов, Абаш Кәкенов, Әбілқайыр Сыздықов, Айтақын Бұлғақов секілді белгілі жүйріктер, бір топ жас айтыскерлер қатысады.

Айтыстың бас демеушісі - «Алтын қыран» қайырымдылық қорының президен­ті Исламбек Салжанов.

Өтетін орны - Алматы қаласы,  Респуб­лика сарайы.

Басталуы - 15.00 сағат.