Қантты пайдалану нормасы екі есеге дейін қысқартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қантты пайдалану нормасын екі есеге қысқарту бойынша өзінің ұсыныстарын жасады.

Қантты пайдалану нормасы екі есеге дейін қысқартылды

Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл өз кезегінде адам денсаулығы үшін тәуекелдердің алтын алуға мүкіндік береді.

Жаңа ұсыныстарға сәйкес, пайдаланылатын колорияда тәулігіне қантты тұтыну көлемі 5 пайызға дейін шектелді. Бұл норма күніне шамамен алты шәй қасық көлеміне сәйкес келіп отыр.

ДДСҰ-ның мәлімдемесіне қарағанда, қант адамдардың тіс жегісі мен жаһандық семіздік эпидемиясының негізгі себепшісі. Бұл тұрғыда семіздік проблемасы әлемде жарты миллиардқа дейінгі адамға қатысты болуда және осы көрсеткіш, әсіресе дамушы елдерде өсіп келеді.