Канвон-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады
КАНВОН. KAZINFORM – 29 қаңтар күні қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында екі спорт түрінен сынға түседі.
Атап айтсақ, қазақстандық ойыншылар 29 қаңтарда шаңғы жарыстары мен керлингтен жарыс жолына шығады.
Сайыстар Астана уақыты бойынша көрсетілген.
Шаңғы жарысы
Спринт. Ұлдар/қыздар
8:00. Іріктеу кезеңі.
10:00. Финал.
Берік Боранбаев
Әубәкір Тотанов
Милана Мамедова
Виолетта Митропольская
Керлинг
7:00. Аралас жұптық бәсеке.
Қазақстан - Швейцария
Мерей Тастемір
Ибрагим Тастемір
Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.
Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.
Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.