Канвон-2024: Ертең қазақстандықтар жалғыз спорт түрінен сынға түседі
КАНВОН. KAZINFORM – 31 қаңтар күні қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жалғыз спорт түрінен сынға түседі.
Атап айтсақ, қазақстандық ойыншылар 31 қаңтарда керлингтен аралас жұптық сында өнер көрсетеді.
Аталған бәсекеде Қазақстан намысын Ибрагим Тастемір мен Мерей Тастемір қорғайды.
Олар ертең даниялық құрдастарымен аралас жұптық кезеңінің соңғы іріктеу кезеңінде шеберлік байқасады.
Жарыс Астана уақытымен көрсетілген.
Ккерлинг: Қазақстан – Дания (аралас жұп)
Жарыс кестесі:
09:30 іріктеу
16:30 ширек финал
Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.
Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.
Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.