Канвондо - 2024: Қазақстан құрамасы Олимпиадаға қайда дайындалып жатыр

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын жас жеткіншектеріміз қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

олимпиада
Фото: olympics.com

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы қазіргі таңда Алматы қаласында жаттығуын жалғастырып жатса, хоккейден Қазақстан жасөспірімдер командасы Канвондағы қысқы ойындарға дайындықты Астанадағы «Барыс Арена» стадионында жаттығуда. Ал биатлоннан IV-қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшыларымыз Ақмола облысы, Шучинск қаласындағы қысқы Олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Тау шаңғысынан Қазақстан командасының жаттықтырушысы Марк Шпарберг Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшыларды Италияда жаттықтырып жатқаны белгілі болды.

Ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында:

«Былтыр біз спортшыларды Италияға жіберу туралы жобаны қолға алдық. Александра Скороходова сол жақта тұрақтап, халықаралық команда құрамында дайындалуда. Кезінде мен де сол жерде жаттыққанмын. Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшыларды біз үздік нәтижелері бойынша таңдап алдық. Әділетті таңдау жасағанымызға сенімдімін», - деді бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғайды.

Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Аталған жарысқа әлемнің 50 мемлекетінен 1 800 спортшы қатысады. 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын конькимен жүгіруден Петропавлдан ұлттық құраманың мүшесі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.

Соңғы жаңалықтар