Канвон-2024: Қазақстан тау шаңғысынан жарысты 16-орынмен аяқтады

КАНВОНДО. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында тау шаңғысынан комбинация бағдарламасы бойынша 2 жерлесіміз іріктеу кезеңіндегі сайысын тәмамдады.

тау шаңғысы
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қыздар арасындағы сында Александра Скороходова — 57.96 секунд уақыт көрсеткішімен жарысты 16 орынмен аяқтаса, ұлдар арасында ел намысын қорғаған Ростислав Хохлов — 58.68 секунд көрсеткішімен бәсекені 42 орынмен аяқтады.

Жарыс нәтижесі:

Комбинация. Қыздар. 56 қатысушы

1-орын (Швейцария) Фабиенне Венгер — 55.88 секунд
2. (Австрия) Ева Шчачнер — 56.18 секунд
3. (Австрия) Мажа Варошиц— 56.38 секунд
16-орын (Қазақстан) Александра Скороходова — 57.96 секунд

Комбинация. Ұлдар. 56 қатысушы

1-орын (Швеция) Эллиот Вестланд — 54.35 секунд
2-орын (Австрия) Леон Хафнер — 54.40 секунд
3-орын (Германия) Бенно Брандис — 54.47 секунд
42-орын (Қазақстан) Ростислав Хохлов — 58.68 секунд

Санаулы сәттерден кейін финалдық кезең басталады.