Канвон-2024: Қазақстан турнирлік кестеде 9-орынға сырғыды

АСТАНА. KAZINFORM - Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан 6-орыннан 9-орынға сырғыды.

медальдар кестесі
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бүгін медальдар кестесінде біраз өзгеріс болды.

Атап айтсақ, 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы бірден 6-орыннан 9-орынға сырғыды. Үш күн қатарынан көш бастап келе жатқан Франция құрамасы үшінші орынға төмендеп, кешеге дейін төртінші орында тұрған Германия құрамасы бүгін бірден екі алтынға қол жеткізіп, медальдар кестесінде басты орынға көтерілді.

Қазірге дейін Канвон Олимпиадасының медаліне 80 мемлекеттен 27 ел қол жеткізіп үлгерді.

Медальдар кестесіндегі алғашқы бестікке енген елдер:

1. Германия – 4 алтын, 2 күміс, 2 қола (8)

2. Италия - 4 алтын, 2 күміс, 2 қола (8)

3. Франция - 4 алтын, 2 күміс, 1 қола (7)

4. Қытай - 3 алтын, 4 күміс, 0 қола (7)

5. Словения 2 алтын, 0 күміс, 0 қола (2)

Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен 9-орынды Польша, Швейцария құрамаларымен өзара бөлісіп тұр.