Канвон-2024: Қазақстандық хоккейшілер Австриядан бір ұпаймен ұтылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші күні қазақстандық хоккейшілер Австриядан бір ұпай айырмашылығымен ұтылып қалды.

хоккей
Фото: Сәли Сабыров

Қос құраманың арасындағы бәсеке аса тартысты өтті. Нәтижесінде, бір шайба басымдығымен Австриялық ойыншылар жеңіске жетті. Есеп – 9:8.

Қазақстан құрамасында Австрияға қарсы мына ойыншылар мұз айдынына шықты.

Арсений Кучковский

Никита Кулаков

Темірлан Айболұлы

Матвей Решетько

Расул Тұрсынов

Жахангер Тлеухан

Таир Бигаринов

Роман Мичуров

Егор Кравченко

Әділхан Саттар

Бексұлтан Мақыш

Арман Төлен

Ануар Ахметжанов

Енді Астана уақытымен сағат 14:30-да қазақстандық хоккейшілер Латвияға қарсы матч өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше бірінші матчта қазақстандықтар Польша құрамасын ірі есеппен ұтқанын жазған болатынбыз.