Канвон-2024: Қазақстандық шорт-трекшілер Олимпиаданы 6 орынмен аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының алғашқы күні қазақстандық шорт-трекшілер 1500м қашықтықты 6 орынмен аяқтады.

шорт-трек
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Атап айтсақ, шорт-тректен қыздар арасында 1500 метр қашықтықта Қазақстан намысын Полина Омельчук пен Анастасия Астраханцева қорғаған болатын. Алайда, екеуі де жеңіс тұғырынан көріне алмады.

А финалында сынға түскен Полина Омельчук қашықтықты 2:43.162 уақытында бағындырып, мәре сызығын соңғы 6- болып кесіп өтті. Ал Анастасия Астраханцева В финалында алтыншы болып мәреге жетті.

Бұл сында жеңісті қытайлық Цзиньчжу Ян (2:33,148) жеңіп алды. Оның отандасы Цзинцзи Ли екінші орын алды (2:41,543). Қоланы жапондық Нономи Иноуэ жеңіп алды (2:42,293).

шорт-трек
Фото: Нұрғали Жұмағазы
шорт-трек
Фото: Нұрғали Жұмағазы