Канвон-2024: Қазақстандық спортшы тау шаңғысынан алғашқы ондыққа ілікті

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында тау шаңғысынан қос жаттығу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Александра Скороходова 10-орынға ие болды.

биатлон
Фото: Шамкен Байырбек

Отандасымыз тау шаңғысынан қос жаттығу қорытындысы (супер гигант, слалом) бойынша қыздар бәсекесінде 56 спортшының ішінен алғашқы ондыққа ілікті.

Аталған додада Австрия спортшысы Майя Варошиц (1:47.96 секунд) уақыт көрсеткішімен бас жүлдені қанжығасына байласа, екінші орынды италиялық атлет Джорджия Колом (1:48.36 секунд) жеңіп алды.

Ал үздік үштікті германиялық Роми Эртль (1:48.82 секунд) иеленді.

10-орын иеленген қазақстандық Александра Скороходова мәре сызығын 1:50.48 секунд уақыт көрсеткішімен басып өтті.

Енді, ертең қыздар гиганттық слалом жаттығуы бойынша жүлдеге таласады.