Канвон-2024: Конькишілеріміз қысқа қашықтықты бағындыра алмады

коньки
Фото: Сәли Сабыров

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында конькимен жүгіру жарысынан екі қазақстандық спортшы қатысты.

500 метр қашықтықта сынға түскен Руслан Жанәділов — 38.26 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 14-ші болып кесіп өтсе, тағы бір отандасымыз Михаил Матрюхин — 39.56 секунд көрсеткішімен 18-ші орынға табан тіреді.

Жарыс нәтижелері:

500 метр. 31 қатысушы

1-орын (германия) Финн Соннекалб— 36.61 секунд
2-орын (Норвегия) Мика Клевстуен — 36.79 секунд
3-орын (Оңтүстік Корея) Сеонанг Шин — 37.13 секунд
14 орын (Қазақстан) Руслан Жанәділов — 38.26 секунд
18 орын (Қазақстан) Михаил Матрюхин — 39.56 секунд

Кезекті жүлде жиынтығы ертең 1 500 метрде сарапқа салынатын болады.

коньки
Фото: Сәли Сабыров

Естеріңізге сала кетейік, кеше Олимпиаданың екінші күні шорт-тректен 1000 метр қашықтықта сынға түскен спортшыларымыз арасынан Полина Омельчук мәре сызығын үшінші болып кесіп өтіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Соңғы жаңалықтар