Канвон-2024: Оңтүстік Кореяға баратын елордалық спортшылар белгілі болды
Қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді. Оған баратын қазақстандық спортшылардың арасындағы елордалықтардың тізімі белгілі болды. Kazinform бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жарыста ел намысын 42 отандасымыз 10 спорттық бағдарлама бойынша қорғайды. Ал, делегация сапында ресми өкілдер, бапкерлер, дәрігерлер мен БАҚ өкілдерін қосқанда 80-нен астам адам бар.
Азия құрлығы алғаш рет қабылдайтын жасөспірімдер ойындарында Қазақстан ұлттық құрама сапынан Астана қаласының спортшылары да бой көрсетті. Елордалық жас өрендер дүбірлі додада кёрлинг, конькимен жүгіруден және шаңғы жарысы бойынша бақтарын сынайды.
Кёрлинг:
Мерей Тастемір;
Ибрагим Тастемір.
Шаңғы жарыстары:
Берік Боранбаев.
Конькимен жүгіру спорты:
Руслан Жанаділов.
Байрақты бәсеке кезінде 81 Ұлттық Олимпиада комитетінен келген 1 900-ға жуық атлет спорттың 7 түрінен 15 спорттық бағдарлама бойынша бақтарын сынайды.
Айта кетелік, Канвондо Олимпиадасына баратын спортшыларды іріктеу жарыстары ел ішінде 2023 жылдың басынан бері өткен. Соның негізгісі ҚР-ның IV қысқы Жастар спорт ойындары саналады. Бас-аяғы 3 айға созылған сол сында 11 бағдарламада үздіктер анықталған (биатлон, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру).
Айта кетейік, ашылу рәсімі 19 қаңтарда Gangneung Oval және PyeongChang Dome стадиондарында бір мезетте қатар өтеді.