Канвон-2024: Шаңғы жарысында Берік Боранбаев ғана іріктеу кезеңінен сәтті өтті
КАНВОН. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғы жарыстарынан алғашқы спринттік сайыста жүлдеге таласқан спортшыларымыздың арасынан Берік Боранбаев ғана іріктеу кезеңінен сәтті өтті.
Спринт. Ұлдар/қыздар
22- орын - Берік Боранбаев — 3:10.43
37-орын - Әубәкір Тотанов — 3:18.78
33-орын - Виолетта Митропольская — 3:50.35
56-орын - Милана Мамедова — 4:13.16
Енді бүгін Берік Боранбаев ширек финалдық жарысты ары қарай жалғастырады.
Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.
Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.
Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.