Канвон-2024: Шорт-тректен аралас командалық эстафета аяқталды

КАНВОН. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін шрт-трекшілеріміз  командалық эстафетаны жүлдесіз аяқтады.

командалық эстафета аяқталды
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Шорт-тректен аралас командалық эстафетада Ұлттық құрама жарысты толығымен аяқтай алған жоқ. Жартылай финалдағы жарыста Ерасыл Шыңғысхан құлап, команда жарыстан шығып қалды.

Бұл сында бас жүлдені Қытай спортшылары қанжығасына байласа, екінші орынды АҚШ-тан келген спортшылар жеңіп алды. Үздік үштікті Жапонияның шорт-трекшілері еншіледі.

Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен толық құрам (2 ұл, 2 қыз) қосқан 9 команданың бірі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Данабек Хаиров баптайтын шорт-трекшілердің еншісінде әзірге 1 қола медаль бар. Оны 1 000 метр қашықтыққа жүгіурден Полина Омельчук жеңіп алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанды. Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жылдың басты жарысына Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 41 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап, 55 жүлде жиынтығын сарапқа салуда. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша сынға түсіп жатыр.

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді.