Канвон-2024: Жеңімпаздар қандай медальдармен марапатталады

медаль
Фото: olympics.com

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қандай медальдар берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының Instagram парақшасында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне табысталатын медальдің фотосы мен ресми атауы пайда болды.

Жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін медальдің атауы — «Жарқыраған болашақ» болады.

медаль
Фото: olympics.com

Сондай-ақ, Олимпиада медалінің дизайнын жасауға 2023 жылы 120 мемлекеттен 3000-нан астам үміткер қатысқанын, солардың арасынан тек, 27 жастағы Бразилия азаматы Данте Акира Увайдың туындысы үздік деп танылғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы биыл 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтеді.

медаль
Фото: olympics.com

Қазақстан намысын спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.

Біздің спортшылар 30 жолдама жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар