Қаныбек Сағынбаев «Бильярд аңыздары» турнирінің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда  бильярдтың «Мәскеу пирамидасы» түрінен  «Бильярд аңыздары» турнирінің ақтық сыны өтті.
None
None

Онда қарағандылық  спорт шебері Санат Гинаятовтан 5:2 есебімен басым түскен  Қырғыз Республикасының астанасынан келген Қаныбек Сағынбаев жеңіске жетті. Ал алматылық Эмиль Мударисов пен Гарри Акопов қола жүлдегер атанды. 29 маусымда басталған бұл дүбірлі додаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінен түрлі халықаралық жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүрген 24 спортшы қатысқан болатын. Жеңімпаз 1 миллион 36 мың, күміс жүлдегер  740 мың, қола жүлдегерлер 296 мың теңгеден жүлде алды. Ал үздік сегіздіктің қатарына енген мәскеулік Антон Мерцалов пен Евгений Сталев, барановичилік Януш Маркоцинский (Беларусь) пен шымкенттік Ильдар Мингазитдинов қоржындарын 148 мың теңгеге толықтырды.

Соңғы жаңалықтар