07:45, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Канзас әуежайын жармақ болған америкалық 20 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы АҚШ-тағы ірі қалалардың бірі Канзас әуежайын жармақ болған 60 жастағы америкалық азамат 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Би-би-си.

Тергеушілердің айтуынша, әуежай технигі Уичита Терри Лоуэн өзінің мұсылман екендігін және "Аль-Каида" атынан шабуыл ұйымдастырмақ болғанын мәлімдеген.
Лоуэн жарылғыш зат салынған көлікпен әуежайға келіп соқтығыспақ болған. Алайда ФБР-дің екі агенті оның сыбайласы болған болып жүріп, көлікке жалған жарылғыш зат салып жіберген. Нәтижесінде, ол қолға түсті.