Канзастағы ұшақ шығаратын зауытта жарылыс болды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Уичито қаласындағы (Канзас штаты) авиақұрылыс зауытында жарылыс болды, деп хабарлады сенбіде CNN телекомпаниясы жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Жарылыс азаматтық және әскери ұшақтар шығаратын Beechcraft авиаконцернінің зауытында болған.

Рождествоны мерекелеуге орай зауыт жұмысын тоқтатқан болатын. Осыған байланысты оқыс оқиға кезінде адам өлімі болмауы тиіс.

Қазіргі уақытта жарылыс орнында құқық қорғау органдары мен құтқарушылар жұмыс істеуде.

Соңғы деректерге қарағанда, келеңсіз жағдай салдарынан 11 адам ауруханаға түсті. Тағы төрт адамды сол жерде дәрігерлер қарап, үйлеріне қайтарды.


Соңғы жаңалықтар