«Капитал Мечты» пирамидасы маңғыстаулықтардың 1 млрд теңгесін қалтасына басқан

АҚТАУ. KAZINFORM — Қаржы мониторингі агенттігінң Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

финансовая пирамида
Фото: Kazinform

ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару және қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.

Қаржы пирамидасының басшысы изоляторға қамалды.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келген. Жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.