«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауар алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауар алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды, деп хабарлады Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауар алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды

4 сәуірде Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөлікте «Қапланбек» кеден бекетінде Түркістан облысы МКД-нің қызметкерлері ҚР ҰҚҚ қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған оргтехника тауарлары барын анықтаған.

Тәжікстан азаматы Р.Т. жүк автокөлігімен тауарларды заңсыз алып өтпек болған. Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері тәркіленді.

Аталған факт бойынша ұсталғандар жауапқа тартылды.