10:13, 27 Қазан 2015 | GMT +5
                                        Қапланбекте 69 өзбек азаматы ұсталды - ОҚО
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде өткізілген рейдтік іс-шаралар кезінде қазақстандық шекарашылар "Капланбек-авто"  бақылау-өткізу бекетінің (қазақ-өзбек шекарасы) аумағынан еліміздің көші-қон заңдылықтарын бұзған Өзбекстан Республикасының 69 азаматын қолға түсірді.
                                        
                                        
                                    
                                              Ұсталғандардың барлығы ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 517 бабының 2,4 баптарына сәйкес әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.