Қапшағай гарнизоны әскери қызметкерлерінің отбасылары көктем мерекесін жаңа пәтерлерде қарсы алады

АЛМАТЫ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Алматы облысында орналасқан Қапшағай гарнизонының әскери қызметкерлері кеше ҚР Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерінің қолбасшысы генерал-майор Мұрат Майкеевтің қолынан пәтерлердің кілттерін алды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қапшағайда 20 және 60 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді кезек бойынша алған әскерилердің отбасылары енді жылы да жайлы пәтерлерге қоныс тебеді. Қоныс тойын тойлаушылардың 60 пайызы - запастағы әскери қызметкерлер. Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін М.Майкеев қоныс иелерін құттықтап, олардың отбасыларына амандық тіледі.
Соңғы жаңалықтар