«Қапшағай» қоймасындағы су көлемі былтырғыдан аз – министрлік
«Қапшағай су қоймасының көлемі 16 360 млн м3 құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 130 млн. м3 кем. Бартоғай су қоймасының көлемі 260 млн.м3. Өткен жылмен салыстырғанда 25 млн. м3 аз», - деді вице-министр.
Күтілетін судың аздығына байланысты ведомство ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін су қоймаларын барынша толтыру қамына кірісіп кетті.
«Қазір ауыл шаруашылығы министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірге су тұтыну лимитін ескере отырып, егіс құрылымын оңтайландыру; ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қатысуымен суару арналарының дайындығын қамтамасыз ету; су берудің онкүндік сайынғы жедел кестелерін жасап және сақтай отырып, тәуліктік су пайдалану жоспарына көшу; су айналымын енгізу және суару кезегін қатаң сақтау мәлелереін пысықтап жатырмыз», - деп жазылған вице-министрдік жауабында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жалпы еліміздің 3 өңірі бойынша алдағы 10 жылда 29 мың гектар күріш алқабын қысқарту жоспарланған.
Салаға жауапты министрлік дерегі бойынша, қысқарған күріш алқаптарының орнына бақша дақылдары мен мал азығына қажет көпжылдық шөптер егілуі мүмкін.