Қапшағай су қоймасына батып кеткен балықшылардың денелері іздестірілуде

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасына екі балықшы батып кетті, іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Қапшағай су қоймасына батып кеткен балықшылардың денелері іздестірілуде

Бейсенбі, 4 наурыз күні Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында балық аулау кезінде үстінде адамдары болған қайық аударылды. Төтенше жағдай салдарынан 1963 және 1973 жылдары туған екі ер адам суға кетті.

Оларды іздестіру жұмыстарымен ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД суда құтқару қызметі айналысуда (6 маман, 2 техника).