Қапшағай су қоймасында шомылып жүрген 39 жастағы азамат батып кетті

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасындағы «Бөктер» демалыс аймағында 39 жастағы азамат суға батып кетті,

Қапшағай су қоймасында шомылып жүрген 39 жастағы азамат батып кетті

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Сенбі, 8 қыркүйек күні Алматы облысында, «Бөктер» демалыс аймағында Қапшағай су қоймасында шомылған 39 жастағы азамат батып кетті. Оның мүрдесін жергілікті тұрғындар алып шықты», - делінген ведомстово ақпаратында.