Қапшағайда бала ойыны қайғылы оқиғамен аяқталды
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қапшағайда бала ойыны қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Кеше, кешкі сағат 10-да Центральная көшесі бойындағы жеке тұрғын үйде, ойнап жүрген 3 жасар сәбиді электр тоғы соғып, бала оқиға орнында мерт болды.