Қапшағайда бокстан жасөспірімдер арасында республикалық жарыс өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қапшағайда маусымның 26-30-ы күндері бокстан республикалық жарыс өтеді.
None
None

КСРО спорт шебері Құлмұхамбет Сатыбалдыұлы Құлжабаев атындағы бұл турнир биыл 15-ші рет болмақ. Оны Алматы облыстық спорт мектебі мен Қ. Құлжабаевтың жолдастары бірігіп ұйымдастыруда. Дәстүрлі спорт додасы биыл 1995-1996-шы жылдары туған жасөспірімдер арасында өтеді. Оған еліміздің барлық облыстарынан командалар қатысқалы отыр. Жарыстың құрметті меймандары арасында Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов, ұлттық құрама мүшесі Данияр Үстембаев және «Ақжол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов болады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар