Қапшағайда бой көтеретін «Oz» болашақ қаласының таныстырылымы болды

АНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ -  Бүгін Астанада өтіп жатқан Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-інші сессиясы аясында өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туристік жобаны жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңес отырысында Қапшағайда бой көтеретін «Oz» болашақ қаласының таныстырылымы болды,

Қапшағайда бой көтеретін «Oz» болашақ қаласының таныстырылымы болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің ірі туристік жобасы болып табылатын «Oz» болашақ қаласы арнайы дайындалған бейнеролик ретінде  таныстырылды. Жобаның негізгі инвесторы, Лас-Вегастың белгілі бизнесмені Марк Эдвенттің сөзіне қарағанда, 11 мың гектар жерде орналасатын «Oz» болашақ қаласында Сидней, Сан-Франциско, Лондон, Нью-Йорк сияқты ірі мегополистердің нақыштары - көпірлер, ескерткіштер, қонақ-үйлер мен ойын-сауық орталықтары бой көтермек. «Қазіргі кезде осы қалаларға бару үшін ұзақ уақыт әрі қыруар қаражат керек. Ал Қапшағай қаласында бой көтеретін «Oz» болашақ қаласына Қазақстанның және көрші мемлекеттердің азаматтары емін-еркін келіп, дем алып қайта алады», - дейді М.Эдвент.

ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған жоба бойынша барлық жобалау іс-шаралары аяқталған. 11 мың гектар жер толығымен инвесторлардың иелігіне берілді.