Қапшағайда қияр мен қызанақ өсіретін жылыжайдың аумағы кеңейеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі аумағы 5 гектар жерге қияр мен қызанақ өсіріп отырған Қапшағайдағы «Грин Лэнд Алатау» ЖШС-ның жұмысымен  танысты. 

Қапшағайда қияр мен қызанақ өсіретін жылыжайдың аумағы кеңейеді

Мұнда өткен жылы 1693 тонна қызанақ, 1595 тонна қияр өсірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

null 

Өндірілген өнім Қазақстанмен қатар Ресей мемлекетінде өз тұтынушыларын тауып отыр. Голландиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған жылыжайда тамшылатып суару әдісі қолданылады. Серіктестік директоры Алмас Дауытовтың айтуынша, жобаның екінші кезеңі 2018 жылы қолға алынады. Табиғи газ тартылғаннан кейін әзірге бос жатқан 15 гектар жерге жылыжай аумағы кеңейтілетін болады. 2017 жылы қажетті құжаттары мен инфрақұрылымын әзірлеп, 2018 жылы құрылысын бастау жоспарда бар.
null 

Сондай-ақ сапар барысында Амандық Баталов қаланың шекарасында орнатылған стенділердегі ақпараттар арқылы жол жиегіндегі құрылыс нысандарының жұмысын жақсарту жобаларымен танысты. Қала әкімі Талғат Қайнарбеков "Алматы-Өскемен" автожолы бойының қалақұрылыстық жоспарлау кешені, "Алматы - Арқарлы" телімі, ондағы сервистік қызмет көрсету нысандарының жобалары туралы баяндап, қаланың кіреберісінің сәулеттік келбеті жобаларын да көрсетті.