Қапшағайда суға батып бара жатқан Ұлыбритания азаматы құтқарылды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасында жағадан 100 метр қашықтықта 49 жастағы Ұлыбритания азаматы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қапшағайда суға батып бара жатқан Ұлыбритания азаматы құтқарылды

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні сағат 18:55 шамасында Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батып бара жатқан 1973 жылы туған ер адамды байқап қалған.

«Құтқарушылар ер адамды жағаға аман-есен алып шықты, британдық азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Бұған дейін Қапшағайда шетелдік студенттің батып кеткені туралы жазған едік.