21:20, 09 Маусым 2023 | GMT +5
Қапшағайда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды
Алматы облысы ТЖД Қапшағай су қоймасында жасөспірімнің құтқарылғанын мәлімдеді деп хабарлады ҚазАқпарат.
«2023 жылғы 9 маусымда сағат 18:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне 2009 жылы туған қыз Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жіберілді. Шомылу кезінде жағадан 200 метр қашықтыққа жүзіп кеткен және құрлыққа өз бетінше орала алмаған қызды құтқарушылар ата-анасы күткен жағаға жеткізді», – деп жазылған хабарламада.
Қызға медициналық көмек қажет болмады. Алматы облысы ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.