Қапшағайда жағадан ұзап кеткен бес адам құтқарылды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасында жағадан 1,5 шақырымға ұзап кеткен бес адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамыр күні сағат 15.45-те ТЖД-ның кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы «Алтын құмдар» демалыс базасы ауданында, шомылуға тыйым салынған орында үрлемелі диван байланған гидроциклдың сынғаны туралы хабарлама түскен.

Үрлемелі диван үстінде 5 адам (1986 ж.т ер адам, 1984 ж.т әйел адам, 2007 ж.т жігіт, 2006 ж.т қыз және 2013 ж.т қыз) болды.


Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, жүзуге арналмаған затқа, үрлемелі диванға мінген адамдар су көлігінің ақауына байланысты жағадан 1500 метр қашықтықта қалғаны белгілі болды.

«Бесеуі де құтқарылып, жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тарту бойынша шаралар қабылданды. Апаттық-құтқару жұмысына Алматы облысы ТЖД-ның 3 құтқарушысы мен 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар