Қапшағайда жағажай волейболынан XIII Қазақстан чемпионатының бірінші тур ойындары өтті

АЛМАТЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жағажай волейболынан XIII Қазақстан чемпионатының Қапшағайда өткен бірінші тур ойындары  аяқталды,

Қапшағайда жағажай волейболынан XIII Қазақстан чемпионатының бірінші тур ойындары  өтті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш күнге созылған жарысқа бұл жолы Қазақстан ғана емес көршілес Қырғыз Республикасының Тоқмақ қаласынан да спортшылар қатысты. Үш күнге созылған  бәсекеде ерлер арасында - 17, әйелдер арасында 16 команда бақ сынады. Ерлер арасында алматылық Алексей Сидоренко мен Дмитрий Яковлев жұбынан құрылған «Қазақтелеком-Искра-1» командасы үздік шықты. Екінші орынды Ақтау қаласынан  келген Александр Бабичев пен Алексей Кулешовтың жұбынан құрылған  «Каспий-1» командасы иеленді. Жүлделі 3-4 орынды алматылық Евгений Машебин мен  Дмитрий Ветлугиннің  «Пирамида» және  Денис Ровкин мен Сергей Синкевичтің «Қазақтелеком-Искра-2» командалары бөлісті. Ал әйелдер арасындағы сында  алматылықтар қарсыластарын шақ келтірмеді. Онда 1-3 орындарды «Алматиночка-1 СШВСМ» (Татьяна Машкова мен  Турищева Александра),  «Алматиночка-2 СШВСМ» (Ирина Цимбалова мен Людмила Исаева),  «Алматиночка-3 СДЮШОР-4» (Олеся Игнатчик пен  Инна Рахматуллина)  өзара бөлісті.  Қонақтардан Ақтау қаласынан келген  Марина Пилипенко мен Алина Пугачеваның жұбынан құрылған  «Каспий-1» командасы ғана үздік төртіктің қатарына енді. Екінші тур ойындары енді шілденің 10-12 күндері Алматыда өтпек.