Қапшағайда жол жөндеуге бөлінген 14 млн теңге жымқырылған – агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жемқорлықпен күрес қызметкерлері Қапшағайда жол жөндеуге бөлінген 14 млн теңге жымқырылу фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қапшағай қаласының автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің лауазымды адамдарына қатысты тергеуді бастады.

Олар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа Заречный ауылдық округі көшелерінің жол жабынына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттелген.

«ЖШС-мен жасалған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыс көлемі үшін орындалған жұмыстар актісіне қол қою және ақшалай қаражатты аудару жолымен қаражат жымқыру күдігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы істің салдарынан мемлекетке 14 миллион теңгеден аса ірі мөлшерде залал келді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар