Қапшағайдағы казинодан 400-ден аса жұмысшы ақшаларын ала алмай жүр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағайдағы «Алтын Алма» казиносының жұмысшылары үш айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Айтуларынша, 420 адамның ала алмай жүрген ақшасы 120 миллион теңгеге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Қапшағайдағы казинодан 400-ден аса жұмысшы ақшаларын ала алмай жүр

Шарасыз күйде қалған тұрғындар Қапшағай қалалық әкімдігіне барып, жергілікті биліктен көмек сұрады. Ал шаһар басшысы Талғат Қайнарбековтің  сөзінше, бұл казиноның 4 құрылтайшысы бар.

«Сол құрылтайшылардың арасында ауызбіршілік жоқ. Сондай-ақ  еңбекақыларын ала алмай жүрген жандардың көбісінің аталған мекемемен келісімшарттары жоқ», - деді Т. Қайнарбеков.

Енді бұл мәселеге қала билігі мен прокуратура қызметкерлері араласады.