Қар 4 облыста нормадан артық түскен

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта қар қалың түсіп жатқан өңірлерді атады.

қыс
Фото: Александр Павский/Kazinform

- «Қазгидромет» РМК бақылау бекеттерінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы мәліметтері бойынша 2024-2025 жылғы суық кезеңде, яғни қарлы кезеңде жиналған ылғал қоры (төмендегі кестеде көрсетілгендей) республиканың шығыс (ШҚО, Абай облыстары), орталық (Ақмола облысы) және оңтүстік (Түркістан облысы) өңірлерінде нормадан 16-дан 38%-ға дейін жоғары болып қалыптасты, - деп жазылған жауапта.

қар
Фото: Kazinform

Ал Алматы, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстарында түскен қардың көлемі осы мерзімдік нормаға сай көрінеді. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ұлытау облыстарында жауған қардың көлемі мерзімдік нормадан төмен.

қыс
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдағы үш күнде республика бойынша температураның одан әрі төмендеуі болжанды. Кей өңірде 40 градусқа дейінгі қатты аяз қысуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар