Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазавтожол.

о
Фото: Көлік министрлігі

Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде жолдың көрінуі қиындап, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

-Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Қазгидромет бірқатар өңір бойынша күн райына байланысты ескерту жариялады.