Қар аралас жаңбыр жауады: Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласында 13 қараша түннен бастап 14 қараша таңға дейін жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, ауа температурасы минус 3 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Ауа райы
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, қала тұрғындарына жолда кептеліс болу қаупіне байланысты қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынды.

Алматыда қар жауады
Фото: Алматы әкімдігі

«Жауын-шашын кезінде көктайғақ болуы мүмкін, сол себепті автокөлік жүргізушілерінен машиналарының дөңгелегін ауыстырып, жылдамдықты асырмауды, арақашықтықты қатаң сақтауды, ал жаяу жүргіншілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз»,- делінген хабарламада.

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті. 490 арнайы техника мен 1200 жұмысшы жұмылдырылды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын қадағалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Ауа райы
Фото: Алматы әкімдігі

«Қазгидрометтің» болжауынша, 13 қараша түн ортасынан таңға дейін қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде ауа температурасы +2 градус, күндіз +5+7 градус шамасында болады.13 қараша түстен бастап 14 қараша таңға дейін орташа, кейде қатты жауын-шашын, түнде қар жауады деп болжануда. 14 қарашада түнде және күндіз ауа температурасы минус 1-3 градусқа дейін төмендейді»,- деп ескертті әкімдіктен.

 

Соңғы жаңалықтар