Қар, боран, көктайғақ: 20 желтоқсанға арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қар, боран, көктайғақ: 20 желтоқсанға арналған ауа райы

Түнде Қазақстан аумағының орталық және шығыс бөлігіне циклон ықпал етеді.

Салдарынан кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте – жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Күндіз циклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, елдің басым бөлігіне Солтүстік-батыс антициклоны әсер ете бастайды.

Осыған байланысты батыс аудандарда жауын-шашын жаумайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, боран соғады. Желдің күші - 15-20 м/с, түнде және таңертең - 23-28 м/с.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны 18-23 м/с дейін күшейеді. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар, түнде Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түседі. Жел қарқыны - 15-20 м/с, Жарма ауданында - 23 м/с.

Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысында желдің күші -15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.