Қар, боран, көктайғақ: 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 26 ақпан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
None

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қар жауады, жаяу бұрқасын соғады.

Қазақстанның оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Батыс антициклонның әсерінен Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын жаумайды.

Республиканың оңтүстік-шығысында және батысында көктайғақ болады.

Еліміздің аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.

Соңғы жаңалықтар