Қар, бұрқасын, көктайғақ: 17 өңірді қолайсыз ауа райы күтіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның 17 өңірінде 7 қазанға ескерту жарияланды. Бірқатар облыста қар, бұрқасын, көктайғақ пен тұман күтіледі, ал кей өңірлерде желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 17 өңірді қолайсыз ауа райы күтіп тұр
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Павлодар облысында түнде және таңертең оңтүстік, шығыс және орталық аудандарда тұман түседі. Күндіз облыстың батысы, оңтүстігі мен орталығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысында түнде және таңертең солтүстік аудандарда, сондай-ақ таулы аймақтарда тұман күтіледі. Таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде таулы аймақтарда топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Қарағанды облысында түнде солтүстік және шығыс аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Бұл аудандарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағандыда түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнде жолдарда көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысы, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады. Батыс пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Шығыс бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Шығыс бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда түнде және таңертең тұман болады. Қонаевта да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді. Өскеменде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Абай облысының солтүстігі, шығысы және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Семейде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Таулы аймақтарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде таулы аудандарда 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, төменгі бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Петропавлда түнде жаңбыр мен қар жауып, төменгі бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар жауып, төменгі бұрқасын күтіледі. Түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз осы аудандарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда түнде қар жауып, төменгі бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында түнде солтүстік және шығыс аудандарда топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік және орталық аудандарда жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.