Қар, бұрқасын, жел: наурыздың 6-сы күнгі күн райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 6-сы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Қар, бұрқасын: 7 ақпанда ауа райы қандай болады
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 6-шы наурызда антициклон сілемі Қазақстан аумағының басым бөлігінде құрғақ, желсіз ауа райының қалыптасуына ықпал етеді.

Тек елдің солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай қар жауып, бұрқасындатады. ҚР бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.